« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыру бойынша семинар өтті.
Семинарды Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты ұйымдастырды. Жиынға 90-ға жуық маман қатысып, олар үш күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеудің құқықтық негіздерімен, ҚР сәйкестікті растау, менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдермен танысты. Сондай-ақ, метрология саласындағы заңнамадағы жаңалықтар мен ЕАЭО техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері туралы нақты ақпараттар алды. Дәрісті саланың басым секторларының мамандары және техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторлары жүргізді. Олардың қатарында “ҚазИнСт” РМК Павлодар филиалының бас маманы Рымкеш Исина, ҚР ЭМ тәуелсіз сарапшы-кеңесшісі Қазкен Оразалина, химиялық физика және технология институтының зертхана меңгерушісі Гүлжан Жаңабаева бар.
– Бұл семинар “ҚР индустриалды-инновациялық даму” бағдарламасы мен техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейін жетілдірудің кешенді жоспары аясында өткізілуде. Негізгі мақсат – өнеркәсіп, бизнес саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің халықаралық стандарттарға сай тауар өндіруіне, қызмет көрсетуіне бағыт-бағдар беру. Дәріске қатысушылар өздерінің кәсіби деңгейін жақсартып қана қоймай, болашақта іс жүзінде өнім мен қызмет өндірісін жетілдіруде нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады, – деді техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің бөлім басшысы Әуелбек Қамзаев.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |