« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өскен өңірі, ұлан-ғайыр ұлысы, жалпақ жұртының даңқын көкке көтерген саңлақ перзенттер бар. Атағы шартарапқа танылған Арал аймағының да беделін биіктетіп, шоқтығын асырған сайыпқыран ұлдары аз емес. Сол тізімнің басында қарымды қаламгер, атақты жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов тұр.
Халқымыздың «қос тойың қабат болсын» деген сөзі бар. Шұрайлы шығармалары, тұшымды туындылары республика көлемінен асып, әлемнің көптеген мемлекеттерін мекендеген алуан ұлттың тіліне аударылып, ну ормандай қалың оқырмандары іздеп жүріп оқитын Әбдіжәміл Кәрімұлы жуырда тоқсан бес жастың төріне шықты. Оған қоса ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушыға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Осынау ақжолтай хабар Әбекең дүниеге келіп, кіндігін кескен, ат жалын тартып мінген мекені қасиетті Арал аймағын дүр сілкіндірді. Әлем халықтары жазушыларының шығармалары ішінде орны бөлек «Қан мен тер» туындысына арқау болған теңіз төскейінің жұрты жерлестерінің толағай табысына алғаусыз қуануда. Мұндайды қазекең «ақ түйенің қарны жарылды» деп атайды.
Құрметті Әбе аға!
Бүгінгідей шаттыққа толы сәтіңізде атажұртыңыз өзіңізге ақжарма тілегін жолдайды. Сіздің ғибратты ғұмырыңыз – өскелең ұрпаққа адастырмас шамшырақтай үлгі-өнеге. Жерлестеріңіз сіздің есіміңізді мақтаныш тұтады. Аман болыңыз, Аралдың асыл абызы!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданы ардагерлер қауымы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |