« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Профессор, Қазақстанның халық артисі, дирижер Төлепберген Әбдірашевті еске алуға арналған «Әбдірашев әлемі» атты облыстық филармония камералық оркестрінің концерті өтті.
Музыка сыншылары «Тамаша музыкант, әртістік келбеті жарқын, музыканы дәл көрсететін қимыл, ырғақты нақты сезінетін, автор ойын терең түсінуші... Әбдірашев – музыкадағы алып дарын» деп баға берген маэстроның құрметіне арналған классикалық кешке бірқатар музыка майталмандары арнайы қатысты.
Ал, Әбдірашевтей маэстроның дирижерлық өнерін бойына сіңірген төл шәкірті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, ұстазының ізімен ҚР мемлекеттік академиялық симфония оркестрі мен Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінде жемісті еңбек етіп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кеш қонағы және дирижері Мүслім Әмзе болды.
Әбдірашев кезінде қазақ композиторлары шығармаларының насихатшысы болған. Соның айғағы, Алматыда жаздырған оркестрдің CD табақшасында тек қазақ шығармалары топтастырылыпты. Сондай-ақ, Әбдірашев жетекшілігімен оркестр бүкілодақтық «Мелодия» грамзаписіне жазылды.
Отыз жасында-ақ белгілі өнер тұлғасына айналып, әлемге танылған музыкантты еске алуға арналған кештің алғашқы бөлімінде «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің квартет музыканттары өнер көрсетсе, екінші бөлімінде камералық оркестрдің шығармаларымен жалғасын тапты.
Жиылған жұртшылық бірде нәзік те сыршыл лирикаға елітіп, бірде қарқын мен жалынға толы оркестр шығармаларынан шабыттана түсті.
Бұл күні ұлы өнердің халықты тек әнге бөлеп қана қоймай, рухани қажетін де қамтамасыз еткені анық.
А.НҰРТАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |