Кеше Сыр еліне сапары аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қызылордалық жастармен кездесті.
Өз кезегінде вице-министр Жастар орталығының жұмысымен танысып, әрбір бөлімдердің қалай жұмыс жасайтындарын көзбен көрді. Әрі жастардың әрбір идеясы мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге Данияр Нұршаұлы ІТ саласында, кәсіпкерлік бағытта жоба жасап жатырған жастармен кездесті.
Мұнан бөлек, вице-министр Жастар жылы аясында жасалған жұмыстарды сараптап, келер жылы Еріктілер жылында жастардың белсенділігі жоғары болуы керектігін атап өтті.