Есірткі сатқан адам 10 жылға сотталды

Есірткі сатқан адам 10 жылға сотталдыҚызылорда облысының аумағында орналасқан бір ауылдың тұрғыны есірткі затын тауып алып, оны үйіне әкеліп, тауық кепесіне тығып қойған. Содан кейін, сатып алушыларды іздеп бір-екі адамға айтқан.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, бір күні үйіне екі жігіт келіп, одан есірткі затын сатып алатынын айтқанда, сотталушы оларды тауық кепесіне кіргізіп, кептірілген марихуананын 1 стаканын 5000 теңгеге сатуға келісіп, 40 стаканды өлшеп, пакетке салып береді. Одан кейін жігіттер келген машинанын қасына барып олардан 200 000 теңге алған. Сол сәтте көлікте отырған екі жігіт оны ұстап, өздерін полиция қызметкерлері екендігін айтқан. Сатылған 40 стакан есірткі заттан басқа, тінту кезінде, тауық кепеде тағыда 4208 грамм кептірілген марихуана табылды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 259-бабының  3-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 шілде 2014 г. 828 0