Жаңақорғандық кәсіпкерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Жаңақорғандық кәсіпкерлер қайырымдылық акциясын өткізді
Жаңақорған ауданында кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапқан дәстүрлі қайырымдылық акциясы болды. Онда тұрмыс жағдайы төмен деген 25 жанұяға ұн, өсімдік майы, шәй, макарон өнімдері үлестірілді. 
Ауданның бас имамы С.Омаров пен жергілікті имам Е.Сейтжаппаровтар жасалып жатқан қайырымдылық шарасыне үлес қосқан атымтай жомарт кәсіпкерлерімізге Алла разы болсын деген ниеттерін білдірді.
–Жыл сайын осындай акция ұйымдастырып елдің ықыласына бөленіп жатқан имамдарымызға рахмет. Біз секілді тұрмысы төмен жанұяларға бұл үлкен көмек–дейді кент тұрғыны З.Жаманқұлова. Айта кетейік, мұндай дәстүрлі акция алдағы уақытта да кәсіпкерлер тарапынан қолдау табатындығы белгілі болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 шілде 2014 г. 838 0