Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз 15 жасар Рахат Бекболат Азия чемпионы атанды.
Сыр елінің зілтеміршісі Рахат жасөспірімдер арасында 96 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс нəтижесінде 352 келіні (156+196) бағындырды.
Ол серпе көтеру жаттығу бойынша 196 келіні көтеріп, Əлем рекордын жаңартты.
Сондай-ақ, ол жастар арасында да бағын сынап, Əлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, Р.Бекболат биылғы жылы Лас-Вегаста өткен Əлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығында тəлім алатын спортшыны жарысқа Нұржан Смаханов дайындады.
Дүбірлі бəсекеде жерлесіміз Есенкелді Сəпи 86 келіде күміс жүлдені иеленген. Ертең 81 келіде Айсамал Сансызбаева өнер көрсетеді.