Арал ауданында жаңадан өндіріс орындарын ашу мақсатында бірқатар жобаларға мән берілуде. Олардың көбісі бұрын-соңды қолға алынбаған жұмыстар болып табылады.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын арада ирандық инвесторлардың бірлескен жобасы – шыны ыдыстар шығаратын зауыт салыну мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Егер бұл жоба жүзеге асса 100 ден астам адам жұмыспен қамтылады.