Кәсіподақ өнерлі мүшелерін қолдайды

"10 қазан - Қазақстан Кәсіподақтары күніне" орай, "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Кәсіподақ өнерлі мүшелерін қолдайды" атты салааралық өнер байқауы өткізілді.
ҚР денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басын біріктіріп, өз алдына жаңа отау көтерген кәсіподақ ұйымы өзінің кәсіби төл мерекесін тұңғыш рет сала қызметкерлерінің өнерпаздары арасында ұйымдастырып отыр.
Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырып отырған алғашқы өнер байқауында Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Есқалиева, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Бағдагүл Есмұрзаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының персональды басқару және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ғалия Искакова, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қызылорда облыстық орталығының бас маманы Майра Боранбаева және "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы қазылық етті.
Шарада алдымен, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының персональды басқару және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ғалия Искакова және "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
"Ән өнері"," Аспапта ойнау шеберлігі" және "Жеке немесе топтық би" өнерінен құралған өнер байқауында І орынды 72 ұпай санымен №3 емхана алса, ІІ орынды 71 ұпаймен «ΑLEXSEI SULTAN AHMET» ЖШС емханасы, ІІІ орынды 64 ұпай санымен №6 емхана иеленді.
Жүлделі орындар бойынша, "Үздік ән" номинациясымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы, "Шебер орындаушы» Балтабаева Гауһар марапатталса, "Үздік би" номинациясы бойынша Қызылорда қалалық ауруханасының «Үнді биі» бишілер тобы, аспапта ойнаудың үздігі болып облыстық психоневрологиялық диспансерінің қызметкері Қарлығаш Сейдалиева танылды.
Марапатты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ермекұлы табыстады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2019 г. 517 0