Жаз айларында күн ысып, өрт қауіпті қезең басталып кетті. Осы уақытта ауылдық жерлердегі егістік алқаптарында, орман қоры мен оған жақын орналасқан шаруа қожалықтарының құрғақ шөптері, өсімдік қалдықтарын жинау, өртеу кезінде бақылаусыз қалдырмау, елді-мекен халқы арасында өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру мен ауылдық жерлерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдардың дайындығын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, осыған орай Қосшыңырау елді мекенінде Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, Ішкі саясат бөлімі бірлесіп, қала төңірегіндегі елді-мекендерде халық арасында орман, дала өрттерін және егін алқаптарында өртті болдырмау, өрттің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына нұсқау беріп, үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы үгіт-насихаттық шарасына қатысқан тұрғындар саны – 37 адам.