Алматыда өртенген №32 бағыттағы жолаушылар автобусы туралы «АлматыЭлектроТранс» ЖШС толық ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Yutong» маркалы №32 бағыттағы автобус Қытай елінде құрастырылған, 2014 жылы қолданысқа берілді. Бүгінгі төтенше жағдайға дейін қоғамдық көлік қанағаттанарлық жағдайда жүріп тұрған», – деп хабарлады «АлматыЭлектроТранс» серіктестігі. Таңертең тәртіп бойынша автобусты парк механигі техникалық тексеруден өткізді. Содан кейін қоғамдық көлік кесте бойынша жолға шығу үшін соңғы аялдамаға кеткен. «Әл-Фараби даңғылында, Жароков пен Водозаборная көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктің «чек» майы тұтанған. Жүргізуші мән-жайды анықтау үшін автобусты тоқтатып, тексермек болған. Сол кезде өрт өрши түскен. Сосын өрт сөндірушілерді шақырған»,– деп қосты ведомства. Өрт сөндірушілер келгенше, жүргізуші қызыл жалынды өз бетінше сөндіруге кіріскен. Ол бес өрт сөндіру құрылғысын қолданған. Қоғамдық көлікте жолаушылар болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Қоғамдық көлік толықтай өртеніп кетті. Жарамсыз, тек қаңқасы қалды.