36,1 млрд теңге төленді

«2019 жылдың 1 қазанындағы мәліметтер бойынша, Қор­дың жеткізуші компанияларына 36,1 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген ­медициналық көмек пакеті шеңберінде бекі­тілген келісімшарттардың жалпы сомасының 80,5 %-і», – деді «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

Оның айтуынша, жұмыс кес­­теге сәйкес жүргізілуде. Бө­лін­ген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шы­ғын­дарын өтеуге жеткілікті.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 73 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 43-і жеке меншік клиника. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7-ге артқан, яғни 14% құрайды.

Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 

облыс бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2019 г. 341 0