Қармақшыда Есенбек Құрманбаевты еске алу шарасы өтті

Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде соғыс және еңбек ардагері, ақын, қоғам қайраткері Есенбек Құрманбаевты еске алуға арналған кеш өтті.

ХХ ғасырдың басындағы қилы кезеңде Әлиби Жангелдинмен бірге халық игілігі үшін қызмет жасаған Есенбек Құрманбаев өңіріміздің дамуында маңызды бастамалар көтеріп, аймақ экономикасының дамуына, тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеруге теңдесі жоқ өлшеусіз үлес қосқан абзал азамат болды.

Сан жылдар бойы жауапкершілігі мол жоғары лауазымды қызметтер атқарды. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан Соғысы майданында болып, майданнан оралған соң, 1951-1961 жылдар аралығында «Молотов» колхозын құрып, қоғам мүддесіне қызмет етті.

Ел адында сіңірген еңбегі, абыройлы істері үшін Есенбек Құрманбаев І-ІІ дәрежелі «Еңбек Қызыл Туы» ордендерімен, ҚР Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамоталарымен және бірнеше рет медаль­дармен марапатталды.

Еске алу шарасында «Nur Otan» партия Қармақшы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Сонымен бірге жиында ұрпақтары Оңдаш Маратқызы, баласы Жанболат Есенбекұлы сөз сөйлеп, Есенбек Құрманбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Жұмыр жердегі бір ғұмыр» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Еске алу шарасында Иіркөл ауылының ардақты ақсақалы Нұртай Түктіғұлов өмірі мен еңбек жолы, адамгершілігі туралы жылы лебіздерін білдірді.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының арнайы дайындалған концерттік бағдарламасына жалғасты.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2019 г. 422 0