Аурухана ауласы 200-ден аса тал түптерімен толықты

Облыстық балаларға арналған аурухана аймағы 200-ден аса тал түптерімен толықты. Қаламыздың аумағын жасыл желекпен көмкеру бастамасына мұрындық болған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы болып табылады.

«Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы күзгі тал егу экологиялық акциясына этномәдени бірлестік өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері және журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері белсенді атсалысты.

Маңызы жоғары акция аясында спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресінен сынға түсті. Әсіресе, арқан тартыстан қыздар арасындағы сайыс өте қызықты болды. Бұл жарыста облыстық балалар ауруханасы Пульмонология бөлімшесінің қыздары мықтылығын паш етіп, бірнеше бөлімді жеңіп шықты. Оқ бойы озып шыққан мықтылар сайыс соңында марапатталды.

 

 Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қазан 2019 г. 583 0