« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқарма басшысының орынбасары Сәкен Ыдырыстың қатысуымен брифинг болып өтті. Онда басқарманың 9 айда атқарған жұмысы талқыланды.
Сәкен Олжабайұлының айтуынша, облыста есепті кезеңде 5189 қылмыс тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,9 процентке төмендеген. Мәселен, аса ауыр қылмыстар 40%-ке, ауырлығы орташа қылмыстар 18,1%-ке, онша ауыр емес қылмыстар 17,4%-ке төмендеп отыр. Алайда, ауыр қылмыстар 7,3 %-ке өсуде. Оның ашылу деңгейі 6,5 %-ті көрсетуде. Жалпы қылмыстың 64,7 % немесе әр екінші қылмыс – ұрлық.
– Қылмыстың 62,5 %-і Қызылорда қаласында тіркелген. Екінші орында Байқоңыр 6,7 %, үшінші орында Жаңақорған ауданы 4,9%. Облыс бойынша қылмыс Қармақшы ауданында аз жасалған, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Өңірде жол-көлік оқиғасы да көбеймесе азаймай тұр. Облыс бойынша 9 айда 402 жол көлік оқиғасы тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 64,9 %-ке артқан. Зардап шеккендердің саны – 547, оның ішінде 464-і жарақаттанған болса, 83-і қайтыс болған. Ал жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2798 тексеру тіркелген. Сонымен қатар, облыстағы мемлекеттік органдарға 81589 жеке және заңды тұлғалардың өтініші түскен. Қаралған өтініштер саны – 61521, оның 28601-і қанағаттандырылған, 31309 өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 621 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған.
– Біз уәкілетті орган ретінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері беретін мәліметтердің тұтастығын, объективтілігін, анықтығын, жеткіліктілігін қадағалаймыз. Осы жылдың 9 айында 2262 салыстыру, 832 мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1659 бұзушылық анықталды. Заң бұзушылықты жою мақсатында 120 қадағалау актісі енгізіліп, 258 лауазымды тұлға әртүрлі дәрежедегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерін бұрмалағаны үшін 31 лауазымды тұлғаға 547925 теңге әкімшілік айыппұл салынды, – деді С. Ыдырыс.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |