Талант иесіне тағзым

 

Биыл Қазақ кино өнерінің негізінсалушылардың бірі, талантты актер әрі режиссер, КСРО Халық әртісі ШәкенАймановтың туғанына – 105 жыл. 

 

КСРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ш.Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер»,«Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» сияқты көркем фильмдері – көрерменкөңілін жаулаған бірегей туындылар. 

Талантты тұлғаныұлықтап, оның кино өнеріндегі дара болмысын ұрпаққа насихаттау мақсатындаСырдария аудандық мәдениет үйінде арнайы шара ұйымдастырылды. Онда мәдениет саласындаеңбек етіп жүрген мамандар режиссердің атақты фильмдерінен үзінді келтіріп,сондай-ақ, пародия және ән сайысы бойынша бақтарын сынады. Шараға ауданғақарасты он төрт елді мекеннен тоғыз ұжым қатысып, «Алдар көсе», «Тақиялыперіште», «Менің атым – Қожа» сияқты көрерменге кең танылған фильмдерденқызықты эпизодтарды сахналады. 

Қазылар алқасыныңшешімімен әйгілі «Тақиялы періште» фильміндегі жалғыз ұлына қалыңдық іздегенӘмина Өмірзақованың бейнесін үздік сомдаған А.Талғатқызы жеңімпаз атанып,Қалжан ахун ауылдық мәдениет үйі І орын иеленсе, ІІ орын аудандық мәдениетүйінің қызметкерлеріне бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды Амангелді мен Бесарықтыңмәдениет үйі ұжымдары өзара бөлісті. Қатысушыларға Алғыс хат пен арнайы сыйлық табысталды.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қазан 2019 г. 349 0