Өрімдей жігіт өзін өртемек болды

Өзін өртемек болған жігіттің оқиғасын қаладағы №5547 әскери бөлімі растады. Оқиға кеше кешкі сағат 19:00 шамасында Шұғыла мөлтек ауданында болған. Гараж арасынан адамның шыңғырған даусын естіп оқиға орнына №5547 әскери бөлімінің №753 маршрут сарбаздары қатардағы әскери жасақ бастығы Сағдат Мейірбек, Бейбіт Есқара, Мейірбек Әбдіәзім жеткен. Олар дереу көмек көрсеткен.
 – Денесі 80 пайыз күйген. Үстінен бензиннің исі шығып тұрған. Сарбаздар жедел жәрдем шақырып, полицияға хабар беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Тергеу нәтижесі бойынша азаматтың 1993 жылы туған  қала  тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда ауруханада. , – деді 5547 әскери бөлімінің сол күнгі әскери жасақ кезекшісі Ақылбек Жұмабай.

"АЖ" ақпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2019 г. 965 0