Сот жұмысын қорытындылады

Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Абдрахман Абдулла аудандық ағымдағы жылдың 9 айында қаралған істер мен атқарылған шаралар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық сотқа барлығы 35 қылмыстық іс 40 адам жөнінде түскен. Оның ішінде 21 іс бойынша 28 адамға үкім шығарылған, 7 іс 7 адамға қатысты өндірістен қысқартылған. Есепті кезеңде 2 жекеше қаулы қабылданған.

Ал, ағымдағы жылдың 9 айында 309 талап арыз және 15 іс түсіп, есепті кезеңде барлығы 294 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 30 іс бойынша сот бұйрығы, 153 шешім қабылданып, 95 іс өндірістен қысқартылған, 12 іс қараусыз қалдырылған және 4 іс соттылығы бойынша жолданған, қаралған азаматтық істер бойынша 4 жеке ұйғарым қабылданған.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 231 әкімшілік іс 231 адамға қатысты қаралған, 193 адам әкімшілік жазаға тартылған және 38 іс қысқартылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 60 жеке қаулы қабылданған.

Медиаторлардың қатысуымен 73 азаматтық іс, 8 қылмыстық іс, 28 әкімшілік іс қаралған.

Шара барысында Абдрахман Абдулла «Сот төрелігінің жеті түйіні» пилоттық жобалары аясында сот жүйесі жұмысына енгізілген заманауи технологиялармен, жаңашылдықтармен таныстырды. Оның ішінде аудандық сот ғимаратынан ашылған фронт офис, медиация кабинеті, сонымен қатар, іске асырылып жатқан «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Отбасылық сот», «Әділ процесс», «Оңтайлы орта» пилоттық жобаларына тоқталып, түсіндірме беріп өтті. Сырдария ауданы бойынша Бесарық, Амангелді, Қоғалыкөл ауылдық округтерінің әкімшіліктеріне орнатылған бейне байланыстар арқылы сотта істерді виртуалды қарауға мүмкіндік барын, өзге елді мекендермен істердің «TrueConf» мобильді байланысы арқылы қаралып жатқанын атап, Бесарық ауылдық округтерінің әкімшіліктеріне орнатылған бейне байланыстар арқылы 2 іс қаралғанын, соттармен 3 іс қаралғанын және өзге елді мекендермен істердің «TrueConf» мобильді байланысы арқылы 44 әкімшілік іс, 10 азаматтық іс қаралғанын атап өтті.

Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 309 талап арыз, 240 әкімшілік іс түскен.

Аудандық сотта барлық істер аудио-бейне жазба арқылы қаралған.

Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді.

 

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қазан 2019 г. 588 0