Атыраулық Қызылордада есірткі затын тасымалдаған

8 қазан күні Қармақшы ауданында полицейлер Атырау облысы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. 

Жедел-тергеу тобы жүргізген тексеру барысында көліктің артқы орындығынан скочпен оралған ерекше иісі бар шөп ұнтақтарының 7 бумасы анықталды. Сондай-ақ, жолаушының сөмкесінен ерекше иісі бар шөп ұнтақтары алынды.

Сараптама қорытындысымен  алынған ерекше иісі бар заттар салмағы 12 кг. 524 гр «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.

Күдікті жолаушы, Орал қаласының тұрғыны Қармақшы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен  (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қазан 2019 г. 332 0