Той дегенде қазақ халқының ішкен асын жерге қоятыны сөзсіз. Тіпті, несие алса да, әр баласының бұл қуанышын ерекше атап өткісі келеді. Соңғы үш жылда қазақстандықтардың жаз айында көбірек шаңырақ көтеретіні белгілі болды, деп хабарлайды
Stan.kz тілшісі.
2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бәрінен көп шілде айында шаңырақ көтергені белгілі болды – 14 845 неке. Бұдан кейін тамыз айында - 14 746 және маусымда 11 366 жұп ақ некесін заңдастырған. Ал ең аз ақпан айында 8672 жұп шаңырақ көтерген. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 89 146 жұп шаңырақ көтерген.
2018 жылы ең көп тамыз айында 15 918 жұп некелескен. Шілде айында – 14 605, ал қазан айында - 13 591 жұп. Керісінше ең аз қаңтар айында 8 895 жұп некесін қидырған.