Қарақшылық қылмысты ашқан полицейлер марапатталды

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны және аса қауіпті қылмысты ашуда көрсеткен жоғары кәсібилігі үшін Қызылорда облысының полицейлері марапатталды. 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық резонанс тудырған қарақшылық шабуылын ізін суытпай ашты. Бұл орайда департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалқаров 20-дан астам қызметкерді алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттады.

Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Фазылов Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құрмет грамотасымен» марапатталса,  тергеу басқармасының тергеуші, полиция капитаны Табиғат Еркінбекұлы , облыстық полиция департаменті ЖПҚ инспекторы, полиция аға лейтенанты Руслан  Баймұратов, қалалық ЖПҚ учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Мейрамбек Достыбаев ІІМ-нің грамоталарымен  марапатталды.

Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен»  қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Ерболат Рүстембеков, облыстық департаменттің криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дархан Әбдібеков, криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Асылбек Қыдыров және криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Нұғман Аманжолов алғыс хаттармен марапатталды.    

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2019 г. 494 0