Бүгін Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің бас редакторының міндетін атқарушы қызметіне Ақтөре Ибрагимұлы тағайындалды. Ал газеттің бұрынғы бас редакторы Сәуле Ерімбетова құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты. Аудан әкімдігінде өткен жиында Сәуле Сұлтанқызына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың Алғыс хаты және аудан әкімі Руслан Рүстемовтің Құрмет Грамотасы табысталды. Айта кету керек, ең алғаш еңбек жолын 1977 жылы корректорлықтан бастаған журналист 43 жыл бойы аудандық газетте қызмет еткен. Ал Ақтөре Ибрагимұлы аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.