Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Ысқақұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Орманұлы қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Азия чемпионатының жүлдегерлері Абусейт Реметов мен Радбек Фазыловты қабылдап жеңісімен құттықтады.
Естеріңізде болса 3-7 қазан күндері Алматы қаласында өткен қол күрестен Азияның ашық кубогінде қос спортшы жеңіс төрінен көрініп, 2 орынға қол жеткізген болатын. Шыңғыс Азнабаевтан тәлім алатын бұл спортшылар келер жылы Румынияда өтетін әлемдік додаға қатысуға жолдама алды.