Қазан айының 10-17 күндері аралығында республика көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктік бақылау басқармасы өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.
Шараның 1 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 137 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 14-і - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 592-бабы), 12-і – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 612,1-бабы), 6-і – тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бабы), ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1 бабы) - 26 дерегі бойынша заң бұзушылықтар орын алған. Барлық заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданды.
Қызылорда ОПД баспасөз қызметі