Қала күніне орай Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда гала-концерт өтуде.
Мерекелік шараға жиылған қала тұрғындарын облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құттықтады. Концертте 20 азамат "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағымен марапатталды. Сондай-ақ, Кәмшат Жолдыбаева, Серік Ибрагимов, Жеңіс Сейдолла сынды эстрада әншілері елге әннен шашу шашты.