700-ге жуық студент кіші марафондық жүгіруге қатысты

Бүгін қала күні және М.Мәметованың 97 жылдығына орай «Бәріміз біргеміз – Мәреге бірге жетеміз!» атты күзгі кіші марафондық жүгіру ұйымдастырылды. 

Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионнан бастау алған марафондық жүгіруде қатысушылар Желтоқсан, Алтынсарин, Жахаев көшелерін айналып өтті. Аталған шараға 700-ге жуық  студент, 120-ға жуық оқытушы мен қызметкер қатысса, 100-ден астам ата-ана қолдау көрсетті.

 Ал, оқу орнында спорттық шараға қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы марапаттар тапсырылды.

Айта кетейік, марафон аясында колледждің Жастар ісі жөніндегі комитеті және «Jas Otan» Жастар қанаты белсенділері қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Марафонды өткізудегі барлық қаржылай шығындарға колледж кәсіподақ комитеті демеушілік жасады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2019 г. 659 0