Жылу беру маусымына дайындығыңыз қалай?

  Тұрғын үй секторындағы өрттің көбеюі жылу беру маусында өрши түседі. Оның басты себебі,  тұғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң бұзуынан болып отыр. Сондықтан жылу беру маусымы жақындаған уақытта Өрт сөндіру қызметінің мамандары үйлерді аралап, әрбір тұрғынға түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Рейд барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде олардың үйлеріне автоматты  дабыл қаққыш қондырғыларын тегін орнату үшін жергілікті атқару органдарына ұсыныстар берілді. Сонымен қатар профилактикалық рейд кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Жылу беру маусымы басталысымен қауіпсіздік ережелерін сақтамаған тұрғын үйлерде түрлі оқыс оқиғалар тіркеліп жатады. Мәселен, Қызылорда қаласы  І. Жансүгіров көшесі №21 үйде орын алған оқыс оқиға.

«112» нөміріне 10 сағат 45 минутта үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен № 5 ӨСБ жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізу барысында үйдің үстіңгі жабыны жанып жатқандығы анықталды. Жауынгерлік қарауылдың жылдам және нақты іс-қимылының арқасында үй 11 сағат  05 минутта оқшауланып, 11 сағат 08 минутта өрт толығымен жойылды.

                                                                

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2019 г. 576 0