«Халықтық заңгер» акциясы жалғасуда

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметші халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімін арттыру мақсатында қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.
Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бастамасымен жобалық басқару және қоғамдық бақылау негізінде кешенді жұмыстар атқарылуда. Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды.
Сондықтан, бүгін «AraycitymaII» сауда, ойын-сауық орталығында жүзеге асырылып жатқан шара аясында «Халықтық заңгер» мобильді қабылдау акциялары облыстың барлық қала және аудан орталықтарында бір уақытта өткізілді.
Бұл акциядан азаматтар қала және аудан көлеміндегі бақылау-қадағалау, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын-үй қатынастары, қаржы институттары және басқа да қажетті орган өкілдерінен тікелей керекті сауалдарына тиісті жауаптарын алды.
Алдағы уақытта құрылған мобильді топтармен ауылдық елді мекендерді аралау жұмыстары жүргізілетін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2019 г. 346 0