Бакуде өткен дəстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалінда қазақстандықтар жүлделі болды. Халықаралық фестиваль 7-9 қазан күндері өткізілді. Оған дүниежүзінің 9 елінен 15 өнерпаз келді. Көпшілік алдында шыққан дүлділдер қазақстандық Шұғыла Мархаба мен Арай Оңғарқызы болды. Қос өнерпаз Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде тәлім алған. Халықаралық фестивальде Шұғыла Мархаба үшінші орын алса, Арай Оңғарқызы арнайы дипломмен марапатталды. Жас өнерпаздарды аталмыш шараға Зәуре Кәрібаева мен Дінислам Тоқсанбаев дайындап алып барды. Қармақшы ауданында Жыраулар үйі жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу бағытында игілікті істерді жүзеге асырып отыр. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аталмыш өнер ордасында өнегелі істер лайықты жалғасын тауып келеді.