Спорттық шаралар өтті

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық - ресурстық орталығы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жастар жылына орай мәдени – көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында кент және ауылдық округ жастары арасында спорттық шаралар өткізілді.
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.  Кез келген адамның салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%-ға салауатты өмір салтына тәуелді. Осыдан-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігін көруге болады. Осы кезге дейін қалалық жастар орталығында  үстел теннисі және волейбол сайыстары, орталық алаңда «Стрит воркаут» сайысы, Сейхун спорт кешенінде футбол сайысы және облыстық жастар орталығында баскетбол сайысы ұйымдастырылды.
 Жарысқа Тасбөгет кенті, Қызылжарма, Қарауылтөбе, Досан ауылы, Қызылөзек ауылдық округтері және қала жастары қатысты. Ойын өте тартысты, әрі қызықты өткізілді.  Нәтижесінде жеңімпаз командалар  бағалы сыйлықтармен, арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2019 г. 673 0