Қазалыда «Халықтық заңгер» акциясы өтті

Қазалыда «Халықтық заңгер» мобильді азаматтарды қабылдау акциясы өтті. 

Әйтеке би кенттік клубының алдында өткен акцияҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілді.

Акция барысында мемлекеттік органдар өкілдері аудан көлеміндегі бақылау-қадағалау, құқық қорғау, денсаулық, білім, ауылшаруашылығы, тұрғын үй, жерқатынастары, кірістер, халыққа қызмет көрсету салаларына қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша30-дан астам тұрғынның өтініштерін қабылдады. 

Аудан тұрғындары негізгі мәселелер, соның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жер алу, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, мүгедектікті рәсімдеу, алимент өндіру, т.б. мәселелермен көмекке жүгінді. 

Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша түсіндіру сипатында толыққанды жауаптар берілді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2019 г. 406 0