«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Development Day» жобасын бастаған болатын. Жоба аясында «Эмоцияларды меңгеру және басқарудың жолдары» тақырыбында сеинар-тренинг болып өтті. Тренингті ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының докторы Алмагүл Аяғанова жүргізді. Жобаның негізгі мақсаты корпорация қызметкерлерінің кәсіби және жеке-іскерлік құзыретін дамыту болып табылады.
Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өтетін семинар-тренингте көпшілік алдындағы сөйлеудің әртүрлі ерекшеліктері туралы айтылды.