Рецепт бар, дәрі жоқ

Жалағаш ауданы прокуратурасы 30-дан астам науқастың тегін дәрі-дәрмекпен қамтылмағанын анықтады. Конституцияның 29-бабының 2-тармағына сәйкес, республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға құқылы.
Амбулатория­лық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық ауруханасының мәліметіне сәйкес, аудан аумағындағы 21 учаскелік аймақ бойынша есепке алынған 16059 науқас тіркелген. Талдау барысында аурухананың тізімдерінде бір адам бірнеше учаскелік аймақта қайталануына байланысты барлығы 8495 науқас іріктелді.
«Дәрі-дәрмекпен қам­та­масыз ету» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 8495 науқастың 3230-на (38%) емдеуші дәрігер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алуға тегін рецепт берген.
Соған қарамастан 32 науқасқа тиісті дәрілері мүлде берілмеген. Мысалы, науқас Б.-ға «Артериялық гипертензия» нозологиясы бойынша дәрі-дәрмек алуға 4 тегін рецепт жазылғанымен, ол мұндай дәрілік заттарды алмаған.
Аудандық прокуратура ұсынысымен заң бұзу­шы­лыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, нау­қастар дәрілік заттармен толық қамтылып, құқықтары қорғалды.

Жалағаш ауданының прокуратурасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2019 г. 393 0