Шиелі аудандық прокуратурасы «аудандық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуына тексеру жүргізу барысында заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
"Нақтыласақ, еңбек рыногының сұранысына сай қажетті мамандықтардың тізбесі және кәсіптік оқытуды қажет ететін қатысушылардың көлемі аудандық жұмыспен қамту органдарымен айқындалады" деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органдар халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға міндетті.
Алайда, 2012-2014 жылдары орталық әлеуметтік жұмыс орындарының және азаматтарды оқыту қажеттілігі, ешқандай талдауларсыз, халықтың экономикалық активінің сұранысы мен ұсыныстарының болжамысыз жасалған қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының берген ақпараттары жинақтаулардың негізінде жасалынып, бұл Бағдарламаның шынайлы орындалуына кедергі келтірген.
Мысалы, аудандық жұмыспен қамту орталығы 2011 жылы 14 азамат, 2012 жылы 44 азаматты бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытуға жолдап, олардың оқуды бітірісімен жұмыс орындарға жолдай отырып, оқуды бітірушілерге жұмыс орындары арқылы өздерінің зейнетақы қорларына 1 айлық төлемдерін толтыруды талап еткізіп, осы жолмен өздерінің есептерін жақсартумен, бағдарламаның формальды орындалуына жол берген.
Оның ішінде жұмыспен қамту органдары қатысушының оқуы біткен соң, оларға тек жұмыс орнына жолдама берумен ғана шектеліп, өздерінің есептеріне жұмыспен қамтылғандығы туралы белгі қоюмен халықтың жалған игілікке жетуіне жағдай туғызған.
Демек, басты мақсаты жұмыссыздарды, өздігімен жұмыспен қамтылғандарды және аз қамтамасыз етілгендерді кәсіби оқыту арқылы оларға тұрақты жұмыспен қамту болған бағдарламаның бұл бағытының жүзеге асырылуына арналған бюджеттік қаражаттары тиімсіз игерілген.
Сонымен қатар, тексеру барысында жұмыспен қамту органдарымен қатар білім органдарымен де бағдарлама шеңберінде оқуды бітірген азаматтардың жұмыспен қамтылуына назар аударылмайтыны белгілі болды.
Атап айтсақ, уәкілетті органдар тарапынан бағдарлама қатысушыларының цифрлық көрсеткіштеріне жету мақсатында, олармен жұмыс күшінің сұранысы мен қаржыландыру көлемінің жорамалдау бойынша тиісті жұмыстар жасалмағанын куәландырады.
Нәтижесімен, сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша оқытылған азаматтар өз беттерінше жұмыс орындарын қарастыруға мәжбүр болған.
Сонымен қатар, оқытатын ұйымдардың халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушыларды сабақты дәлелсіз себептермен қатарынан үш оқу күнінен көп босатқан жағдайларда оқудан шығаруға құқығы бар.
Алайда, «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» мемлекеттік мекемесінде Бағдарлама бойынша 2014 жылы қайта даярлау курсына қабылданған азаматтардың сабаққа толық қатысуын аудандық прокуратурамен қарсы тексеруде Е.Қожабаев, А.Омаров, Б.Сағынбай және тағы басқалардың дәлелсіз себептермен сабақтарға үш күннен артық қатыспағандығы анықталды.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, шағын несие алып, жұмысын бастаған азаматтардың несиені мақсатты жұмсалуын айқындау мақсатында құрылған жұмысшы тобымен зерртеу (мониторинг) жұмыстарын жүргізу көрсетілген.
йда, жоспарды орындауға жауапты маманның тарапынан орындаусыз қалған және жұмысшы тобы бүгінгі күнге дейін құрылмағандығы анықталды.
Осыған орай, қызмет міндеттерін тиісті дәрежеде атқармай, бағдарлама шеңберінде заң бұзушылықтарға жол берген аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары Г.Әлхайырды, Ж.Айтмаханды және өзге де кінәлі қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартуға байланысты аудандық прокуратурамен «Шиелі аудандық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Ұсынысты қарау нәтижесімен өздеріне жүктелген міндеттерін тиісті дәрежеде атқармай, кемшіліктерге жол берген аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары Г.Әлхайырға «сөгіс», Г.Афиноваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылып, «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» мемлекеттік мекемесінде Бағдарлама бойынша 2014 жылы қайта даярлау курсына қабылданған азаматтар Е.Қожабаев. А.Омаров, Б.Сағынбай, Б.Маймаков және тағы басқалар сабақты дәлелсіз себептермен үш оқу күнінен көп босатқаны үшін оқудан шығарылды.