Қызылордада «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ағымдағы жылғы  қазан айының   5-31 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ,  экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 27.02.2015 жылғы  «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, әуесқойлық (спорттық) аң аулау үшін аңшыда мынадай құжаттар болуы қажет:

1. аңшы         куәлігі;

2. жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты;

3. аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

4. аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде - азаматтық қару мен оның

патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты.    

Аң аулауды өткізу мерзiмдерiн Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз: 


Жануарлар түрлері

Аң аулау мерзiмдерi

Су тышқан (ондатра)

1 қазан - 15 ақпан

Кәдiмгi тиiн

20 қа зан - 15 ақпан

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы),
Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)

1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта**
15 қазаннан бастап аулау)

Зорман (сары тышқан)

ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін

Суырлар*

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін

Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша.

Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)

Құр

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша.

Борсық

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан

Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан

1 қыркүйек - 31 желтоқсан

Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Сібір тау ешкісі

1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Гималай ұлары, кекiлiк

1 қазан - 15 желтоқсан

Құндыз

15 қазан - 31 желтоқсан

Қырғауыл

15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)

 

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2019 г. 528 0