Берекелі күздің жазға бергісіз тамылжыған мезгілі өңірімізге енді келгендей. Бұрынғылар «кемпіршуақ» деп атайтын жаймашуақ кез расымен де әдемі әсерге бөлейді. Осы мәуелі мезеттің өзіне тән барлық бояуы айналаның ажарын кіргізіп, айқындай» түскендей.
Күз айында болатын ауа-райының жаймашуақ мезгілін орыстар «бабье лето» десе, халқымызда оны «мизамшуақ» немесе «кемпіршуақ» деп атайды. Үлкендер бұл құбылысты «жаздың қоштаса алмай тұруы» деп түсіндіретін. Күздің басында күннің суытып барып, қайта жылынуы «жаздан қалған шаруасын шуақта отырып істеп алсын» дегендей ауа-райының адамзат баласына сыйлаған бір тартуы секілді. Тіпті жылына 1 рет қана гүлдейтін өсімдіктер, осы кезде тағы гүл ашады екен. Халық арасында «Егер «кемпіршуақ» құрғақ болса, күз жаңбырлы болады немесе жаңбырлы болса, күз құрғақ болады» деген сөз бар. ⠀Ал өрмекшілер көбейіп, торлары ұшып жүрсе, күз жылы, қыс салқын болады деген ой қалыптасқан.
«Сб» ақпарат