« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қайырымдылық қанаттанған қоғамда мейірімділік орнайды. Көмекке мұқтажға жылылық таныту – елдің ортақ мүддесі. Бұл бағытта қолға алынып отырған шаралар аз емес. Соның бірі – «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы. Оның мақсат-міндетін облыс бойынша «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Манат Алмашева мен бірлестік мүшесі Рахима Ахметова, «Жас қанаттар» бірлестігінің төрайымы Ақгүл Абдрасул өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тарқатып айтты.
– Қоғам деген құндылыққа селт етіп, сезім білдірмейтін бәзбір жандар барын жасыра алмаймыз. Десе де, арамызда өзінен бұрын өзгені жоғары қойып, қиын сәтте қол ұшын беруге әзір адамдар бар. Конкурс осындай жандардың ісін көпке үлгі етуді мақсат етеді. Екінші жағынан, ол жас ұрпақтың бойында ізгі қасиеттерді оятады деп білеміз. Республикалық конкурстың іріктеу жұмысы 2 қыркүйектен 29 қарашаға дейін жалғасын таппақ. Жеңімпаздар есімі ақпан айының соңында белгілі болады, – деді Манат Тамабайқызы.
Сондай-ақ, спикер лауреаттар «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы» секілді номинациялар бойынша анықталатынын айтты. Байқауға кәсіпкерлік субъектілері мен қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар қатыстырылмайды.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |