« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық «Тілдарын – 2019» олимпиадасы өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдауды мақсат еткен шараға облыс аумағындағы жалпы орта білім беру ұйымдарынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 11 талапкер қатысты.
Төрт деңгейлі тапсырмалар беріліп, нәтижесі сарапқа салынатын шарада қатысушылардың біліктілігі мен қабілетін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов бастаған қазылар алқасы бағалады. Онда талапкердің тілдерді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен сөздердің дұрыс дыбысталуына, тіл шеберлігі мен сөздік қорының байлығына мән берілді.
Байқаудың бас жүлдесін Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсел Әбдірайым иеленсе, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті Олжас Әбдіхалық І орынға қол жеткізді. ІІ орынды Қазалы ауданындағы №276 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анэль Әбдіраш, Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Айдана Әнуарбек ІІІ орын еншіледі.
Сондай-ақ, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 2-курс студенті Нұркен Ақбергенов пен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 3-курс студенті Асылгүл Жангелдиева ынталандыру сыйлығына ие болды.
Айта кетейік, облыстық олимпиаданың жеңімпазы 6 қарашада Шымкент қаласында өтетін сайыстың республикалық кезеңінде бақ сынамақ.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |