Ақтөбедегі жол апаты: Бір оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбедегі жол апаты кезінде бір оқушы ми жарақатын алып, жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәрігерлер жол апатына ұшыраған әр оқушыны қарап шықты. Бір бала ми жарақатымен жансақтау бөліміне түсті. 
«Ми жарақаты, мидың жұмсақ тіндері кесілді. Жағдайы тұрақты. Оперативті емге дайындалып жатыр. Тағы бір оқушы травматология бөліміне түсті. Оның қолында кесілген жарақат бар. Балаға хирургиялық ота жасалады. Тағы екі баланы ауруханаға жатқызу мәселесі қарастырылып жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрғандай ештеңе жоқ. Барлығы 8 ата-ана әкелінді, оның үшеуі травматологияда ем қабылдайды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 
Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолдың 13 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған. Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, Тәжікстан азаматы мінген «Ниссан» көлігімен соқтығысып қалды. Сол кезде автобус аударылған.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қазан 2019 г. 754 0