«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қазығұрт аудандық жер кадастры және үкіметті тіркеу бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деп айыпталуда, - деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысының ҰҚКД-мен бірлесе отырып, қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Қазығұрт аудандық жер кадастры және тіркеу бөлімінің басшысы әшкереленді» делінген хабарламада. 
Мәліметке сай, ол азаматтың жер учаскесіне мемлекеттік актіні және үйге техникалық паспортты беру үшін бұрын келісілген 200 000 теңгеден 140 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденуге күдікті деп танылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің дегейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2019 г. 923 0