« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен жылы Жер реформасы бойынша комиссияның ұсынысына сәйкес жер беру тәртібінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету және жемқорлықты болдырмау үшін комиссия құрамына 50%-тен кем емес қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдерін енгізуді қарастыру мақсатында Жер кодексіне өзгерістер енгізілді.
Жер комиссиясы – жергілікті атқарушы орган жанынан құрылған. Ол жер учаскелеріне құқық беру туралы, (меншікке де, жер пайдалануға да) сонымен бірге ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді қарау және қорытындыларды дайындау үшін Жер кодексінің 43-бабына сәйкес құрылады.
Заңнама талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жер комиссиясы құрамын жасақтайды, олардың ұсынысы бойынша жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені тиісті мәслихаттар бекітеді.
Бүгінгі таңда облыстық, қалалық және аудандық жер комиссияларының құрамы тиісті мәслихаттардың шешімімен бекітіліп, жұмыс жүргізуде.
Жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Мүшелерінің саны тақ болуы керек. Тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде 50%-ін құрауға тиіс.
Комиссияның төрағасы – әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, жұмыс органы – жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті орган.
Жер комиссиясының отырысы егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы санының кемінде 50%-ін құрауға тиіс.
Жер комиссиясының отырысының аудио-бейнежазбасы міндетті түрде тіркеледі. Жазба құралдарын техникалығы қолдану, сақтау тәртібін, сондай-ақ қол жеткізу тәртібі Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілді.
Н.АҚЫЛБЕКОВ,
облыстық жер қатынастары
басқармасының маманы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |