QR-код кімнің қытығына тиді?

 Қызылордада қалаішілік қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі қолға алынбақ. Әйткенмен, автобус паркі бұған дейін де онлайн төлемнің бір түрі QR-код арқылы есеп айырысуды бастаған. Бірақ сол QR-кодты барлық автобустан байқай бермейсіз. Бірінде жыртылып орны ғана қалса, екіншісінде тіпті ізі де жоқ.

Бұл мәселеге орай «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметовке сауал жолдадық. Орынбасар бұл мәселенің бірнеше себебін ашып айтты.

– Рас, жыртылып қалғандарын байқадық. Кондукторлардың әрекетінен де болып жатады. Одан соң QR-код материалы ылғалға төзімсіз. Автобусты жуып, тазалаған сәтте өздігінен өшіп қалып жатады. Ал қасақана жыртқандар болса, өз қаражаты есебінен қайта жапсырады. Мұндай жағдайлар болды, – деді Қ.Рахметов.

Аян СПАНДИЯР.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2019 г. 372 0