« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына орай республикалық ақпараттық-танымдық «Тіл сақшысы» газеті оқырмандарының конференциясы болып өтті.
Конференцияны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов ашты.
Жарыққа шыққанына 7 жыл толып отырған «Тіл сақшысы» газеті алғашқыда 500 данамен тараса, қазіргі уақытта оның оқырманы 10 000-нан асып жылдан жылға көбейе түсуде. Газетті Астанадағы зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары, сонымен қатар басқа облыстар да жаздырып алып оқиды. 7 жылда жеткен жетістіктер жайлы газеттің бас редакторы Сәдуақас Әбдіқадырұлы баяндап, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.
«Тіл сақшысы» газеті – «Қазақ тілі» қоғамының үні, бұрынғы сөзбен айтсақ органы. Демек газет тіл, тәрбие, дәстүр, мәдениет, бір сөзбен айтқанда руханият мәселелерін көтереді. Бірақ тек осымен шектеліп қалмайды, өресі биік оқырманға айналадағы құбылыстар мен оқиғаларды біліп отыру аз, оған саясат, экономика, әлеумет, басқа да салалардан сараптамалық дүниелер қажет.
Жұмыс барысында тәуелсіздік алған еліміздің өзінде жер, оның байлықтары және тіліміздің төңірегінде де мылтықсыз майдан жүріп жатқаны байқалады. Сол майданның бел ортасында болуға тырыстық. ХХ ғасырға дейінгі ата-бабаларымыз бен кеңестік кезде өмір сүрген әке-шешелерімізден бізге аманат болып қалған ұлан-асыр жеріміз бен оның асты-үстіндегі байлықтарындағы ұлтымыздың үлесі мен күнкөрісі көңілге кірбің туғызып, жанымызға батқаны, сәбилерімізді өз ана тіліміздің уызына қандырмай тұрып балабақшалар мен мектептерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту жайы бізді жайбарақат қалдыра алмайды. Қандай іс болса да нәтижесімен құнды. Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білуі, оларды оқыту, іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру біртіндеп жолға қойылып келеді. Облыстық теледидармен бірлесе жүргізілген «Тіл сақшысы» рейді жұмысының нәтижесінде 300-ден аса түрлі меншіктегі мекеме, халыққа қызмет көрсету орнының аты мен сыртқы жарнама өзгертілді. Мұның бәрі жергілікті басқару органдарымен бірлесе іс-қимыл жасаудың нәтижесінде қол жетіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын таба бермек.
Конференцияда еңбек ардагерлері Рахым Әбілханұлы, Сәрсенкүл Жұмабаева, КемаладиноваҰлман, Жүсіпов Әжібай, Жақсылық Майлыбаев, Тобаш Ембергенов және тағы да басқа газет оқырмандары сөз алып, ұсыныстары мен жылы лебіздерін білдірді.
облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының бөлім басшысы Жарылқасынов Алтынбек құттықтау сөз сөйлеп, «Алғыс хатын» табыстады.
Шара соңында газеттің белсенді оқырмандарына газеттің штаттан тыс тілшісі куәлігі табысталды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |