Ардагер ұстаздармен кездесті

Қаладағы №7 мектеп-лицейдің 40 жылдық мерейтойы аясында «Сан қыранды самғатқан алтын ұя» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Іс-шарада №7 мектеп–лицей директоры Ануза Шамшатова білім беру ошағының қалыптасуына ардагер ұстаздардың үлесі зор екенін және аға буын мен жас буынның арасында сабақтастықтың болу қажеттігін атап өтті.

Кездесуде ардагер ұстаздар Әлия Бахрамқызы, Людмила Ивановна, Дүйсенкүл Арынғазиева, Маржан Тоқсанбаева, Людмила Ким, Нагима Даулбаева, Фатима Болғанбаева, Мира Сәрсенбаева, Рысты Карбозова, Сабира Сердалиева, Роза Асанова шақырылып, сөз сөйлеп, білгенімен бөлісті.

Оқушылар «Алтын ұя мектебім» әнін хормен орындап, «Балдырғандар» би тобы мың бұрала би биледі. Шара соңында оқушылар ұстаздармен вальс билеп, кешті қызықты өткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2019 г. 633 0