Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Экологиялық сағат" атты республикалық акцияға қатысты.
Қала орталығында орналасқан Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған ашық сабаққа арнайы келген шаһар басшысы осындай экологиялық шаралардың маңыздылығы туралы сөз қозғап, жас ұрпақты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға, жер планетасының, фаунасының, мекендеу ортасын сақтауға, табиғатқа жанашырлық танытуға шақырып, оқушылармен еркін сұхбат жасады.
Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте жасаған Жолдауында: "Қазақ халқының жақсы өмір сүруі үшін экологияны жақсартып, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу жұмыстарын жандандыру керек",- деген сөзін тілге тиек етті.
Ашық сабақтан кейін қала әкімі оқушылармен бірге мектеп ауласына шығып, ағаш отырғызу акциясына қатысты.
Айта кету керек, бүгінгі акция аясында қаламыздағы 54 білім ошақтарынан барлығы 64 мыңға жуық оқушы қатысып, өздері оқитын мектеп аулаларына ағаш отырғызды.