« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тұрғындарға құқықтық түсінік беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбестік мәдениетін қалыптастыру – бұл өзекті мәселе. Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес "Сырдария – Нұрдария" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілді.
Ауылдарды аралау барысында топ құрамында аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Сағидоллаұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Мырзахметова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров болды. Тұрғындармен кездесуден кейін ауданның құқық қорғау органдарының басшылары қоғамдық қабылдау өткізді.
Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы Айдарлы ауылынан басталды. Кездесуде аудан прокуроры Е.Алмазұлы тұрғындарға соңғы екі жылда ауданда сыбайлас жемқорлық фактілерінің болмағандығын атап өтті. Ауданның бас полицейі бұрынғы жылдармен салыстырғанда Айдарлыда тәртіптің жақсарғанын, мал ұрлығына тосқауыл қою үшін елді-мекен тұрғындары тұтас пада (кезек) ұйымдастыру қажеттігін айтты.
Айдарлы ауылы көркейіп келеді. Оған жастар да белсенді атсалысуда. Ауылдың белсенді жастары өз күштерімен кіреберіс арканы тұрғызып, әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ имандылық үйі – мешіт жанынан қалқа (навес) жасаған.
Жетікөл ауылында ауданның құқық қорғау органдарының басшылары тұрғындармен ашық пікірлесіп, мал кезегін ауыл болып ұйымдастырғанда, мал ұрлығына тосқауыл қойылатынын айтты. Бұл ретте көрші Айдарлы ауылының бір жақ тұрғындарының мал кезегін ұйымдастырып отырғандығы жарқын мысал етілді. Ауыл тұрғындары негізінен малмен күнелтеді. Сондықтан мал ұрлығына республика көлемінде мән берілуде. Ауданның бас құқық қорғаушысы Е.Алмазұлы заңға өзгерістер еңгізіліп, барымташыларға бұрынғыдай кешірім берілмейтінін, екінші рет мал ұрлығын жасаса, ол орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшетінін айтып, мұның да қазір ықпалы болып жатқанын жеткізді.
Топ мүшелері мен амангелділіктер арасында бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдары іздестірілді. "Қазпошта" АҚ арқылы үш ауылға ортақ терминал қою мәселесі тиісті органдарға жеткізілетін болды.
Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында да тұрғындардың мәселесі тыңдалып, оларды оң шешуге ықпал етілетін болды.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |