Үсік, тұман, жел - 4 қазанға арналған ауа райы

«Қазгидромет» РМК мамандары 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының жекелеген аудандарында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Жамбыл, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарына тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2019 г. 368 0