ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қарты бардың – қазынасы бар» атты мерекелік шарасы өтті.
Халықаралық қарттар күнінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің жанындағы асханада 100-ге жуық ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға арналып ақ дастарқан жайылды.
Кеш барысында Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қазыналы қарттарымызды мейраммен құттықтап, амандық тіледі. Және де жыр-термеден шашу шашылып, мешіт имамдарының дайындаған сый-сияпаттары ұсынылды.
Дін қызметкерлерінің ықылас-ілтипатына риза болған қонақтар берекелі мерекенің жоғары деңгейде аталып өтуіне үлес қосқан қала мешіттерінің имамдарына алғыс білдіріп, ақ баталарын берді.
Сонымен қатар, Қазалы ауданында «Береке үлкендермен бірге» тақырыбында білім сайысы өткізіліп, мерекелік дастарқан басында қарияларға құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі