Қоғамдық қабылдау өтті

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Қазалы ауданында жас құрылысшылар еңбек жасағының қатарына жұмыссыз жастарды, аудан азаматтарын еңбек жасағының қатарына шақыруға ықпал жасау мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді.           

Аталған шараның басты мақсаты - жұмыссыз жастарды тұрақты немесе уақытша жұмыспен қамту болып табылады. Шарада 300-ге жуық таратпа материалдар таратылып, 40-қа жуық жас қоғамдық кеңес алды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қазан 2019 г. 572 0