« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Табиғат – адам баласына берілген баға жетпес байлық. Табиғаттың сыйға тартқан байлығын, тау-тасын, өзен-көлін ата-бабаларымыз қорғаштап, күтіп-баптап бізге жеткізді. Біз өз кезегінде ұрпағымызға бүлінбеген қалпында аманаттауымыз керек. «Табиғатты аялайық, оны қорғайық!» деп дабыраны көп жасағанымызбен, шынайы іске келгенде тоқырайтын да сәттер болатыны бүгінгі күннің шындығы.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, өңірде 207 көл, Сырдария өзенінің 1274 шақырым аумағы, 38 аңшылық алқап, 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы, «Тораңғылсай» мемлекеттік табиғи қаумалы, «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-Батыс аймақтық филиалы, «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК орналасқан.
Соңғы кездері екінің бірі аңшылықты әуес көріп, онымен айналысуды «сәнге» айналдырды. Әрине біреулер үшін ол шынымен әуестік, демалудың бір түрі саналар, енді біреулер үшін күнкөріс көзі. Әсіресе хайуанаттар әлеміне көз салушылар мен қол сұғушылардың көбейгені де жасырын емес.
Аумақтық инспекция басшысы Ғалымжан Орақбаевтың айтуынша, облыс көлемінде табиғат заңдылықтарын қорғау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Рейдтік іс-шара кезінде жыл басынан бері 480 заңнама бұзу тіркеліп, хаттама толтырылған. Оның ішінде аң аулау қағидаларын бұзғандарға 71, балық аулау қағидаларын сақтамағандарға 397 және орман пайдалану тәртібін бұзғандарға 12 әкімшілік іс қозғалған. Әкімшілік істердің 91-і тиісті шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданыпты.
Жыл басынан табиғат заңдылығын бұзған 377 тұлғаға 4,1 млн теңге айыппұл салынып, оның 89 %-і өндірілді. Сонымен қатар, табиғат заңдылығын бұзуға қатысты 51 қылмыстық іс анықталған. Оның ішінде заңсыз қоян, балық, қарақұйрық аулауға, сексеуіл, тораңғыл ағашын шабуға қатысты іс қозғалған.
Табиғатты баға жетпес байлыққа теңейміз, ал оның қорғалуы мен сақталуына келгенде салғырттық танытып жататынымыз да жасырын емес. Әр адам орман мен қорықтардағы аң-құстардың, тал-теректің көбеюіне, өсіп-өнуіне себепкер болып отырса дейміз. Өйткені болашақ ұрпақ алдында бабадан қалған шексіз байлық – табиғаттың құрып кетпеуі үшін де мақсатты жұмыс керек-ақ.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |